Алматыда Шығыс Қазақстанның бал жәрмеңкесі өтеді

Dalanews 28 сент. 2016 09:53 841

Өңіраралық кооперация аясында 29-30 қыркүйек күндері Алматыда Шығыс Қазақстан облысының бал жәрмеңкесі өтеді. Онда қалалықтарға алуан түрлі бал, панты өнімдері және ағаштан жасалған бұйымдар ұсынылатын болады.

Өскемен қаласы, Аягөз, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Көкпекті, Шемонаиха және Тарбағатай аудандарының өнімдері қойылған сауда қалашығы екі күн бойы Шевченко көшесінің бойындағы Ғылым академиясының алдындағы алаңда жұмыс істейтін болады.
Алматылықтар үшін 40 тоннадан астам түрлі бал және бал өнімдері, панты өнімінің 27 түрі әкелінеді. Сонымен қатар қала тұрғындары қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Жиналған жұртшылыққа Бал жәрмеңкесі барысында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылады.
Сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары 2016 жылы Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде жүргізілген археологиялық қазбалардың жәдігерлерімен таныса алады. Көрмеде Берел қорғаны, Шілікті жазығы, Аблайкит қамал-монастірінде, Қырықүңгір мен Елеке сазында табылған артефактілер көрмеге қойылмақ.

Рекомендовать
Последние новости