Алматыда көрші елден әкелінген көлік уақытша тіркелді

Dalanews 03 февр. 2020 02:56 857

Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімшілік полициясының мәліметінше, «Саялы» мөлтек ауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да республика деңгейі бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді.

Көлігін тіркеген - 37 жастағы алматылық Владимир Баев. Ол Renault маркалы көлігін тіркеген екен. Көлік қожайынына сары түсті тіркеу белгісі берілген.


Естеріңізге салсақ, 1 ақпанда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу бойынша акция басталған болатын. Ақпанда елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдейді.

 

Рекомендовать
Последние новости