Алматыда жер сілкінісінен кейін метро бекеттері жұмыс істеп тұр ма?

Сағыныш Сардарова 04 мар. 2024 14:22 3349

Алматыда жер сілкінісі кезінде метро бекеттерінен жолаушылар эвакуацияланған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы метрополитені баспасөз қызметі мәліметінше, төтенше жағдай кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізеді.

"Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес жарияланатыны айтылды.

 


Рекомендовать
Последние новости