Алматыда жедел жәрдемнің 17 қызметкері коронавирус жұқтырды

Dalanews 02 июн. 2020 09:43 834

Алматы жедел жәрдемінің баспасөз қызметі 17 диспетчердің коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3 607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.

"COVID-19-ға қатысты жағдай бойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерден коронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр, провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр", – делінеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі берген хабарламада.


Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды, олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.

Рекомендовать
Последние новости