Алматыда әл-Фараби көшесін жөндеу жұмысы аяқталды

Dalanews 16 авг. 2023 09:12 828

Алматыда әл-Фараби көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Әл-Фараби даңғылының Достықтан Асқаров көшесіне дейінгі 9 шақырымын жөндеу мерзімінен бұрын – 16 тамызда аяқталды. Бастапқыда жұмыс 31 тамызға дейін жалғасады деп жоспарланған болатын. Жұмысшылар тынбай еңбек етті. Тамыз айының соңына дейін жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары жалғасады.

«Бүгінгі таңда даңғыл бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде жұмыстар жүргізілуде. Қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін осы учаскенің жол бөлігіне полимерлі асфальтбетон жабынының үстіңгі қабаты төселеді. Жол жұмыстарының басталғаны хабарланады» деді әкімдіктегілер.

Әл-Фараби көшесіндегі осы учаскеде бұдан бұрынғы орташа жөндеу 2010 жылы жүргізілген. Күрделі жөндеудің нормативтік мерзімінің аяқталуына байланысты барлау жұмыстары жүргізіліп, оның барысында асфальтбетон жабындысында шұңқырлар, ойықтар, сызаттар, қирау түріндегі ақаулар анықталып, техникалық акт жасалған.

Жалпы, биылғы жылы әкімдік ұзындығы 230 көшеге 200 шақырымнан асатын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Алматыда барлығы 2746 көше бар, жол желісінің ұзындығы 3097 шақырым.

Рекомендовать
Последние новости