Алматыда АЭС құрылысы талқыланды: Қазақстанда атом саласы байынша кадрлар бар

Жарбол Кентұлы 16 авг. 2024 12:26 1725

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясының құрылысын жария талқылау барысында Қазақстанда осы салада жұмыс істеу үшін қажетті мамандар бар екенін мәлімдеді.

Сахиевтің айтуынша, институт 57 жылдан бері су зерттеу реакторын пайдаланып келе жатқанын және бұл жоғары деңгейдегі мамандарды даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бізде МАГАТЭ мен АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен құрылған үш оқу орталығы бар. Егер жоба мақұлданса, біз атом электр станциясында жұмыс істеу үшін екі мыңға жуық маман даярлауға дайынбыз", - деп атап өтті Сахиев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осыған байланысты жақын арада референдум өтеді.


Рекомендовать
Последние новости