Алматы. Satbayev University қызметкерлерінің 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды

Dalanews 07 июл. 2021 08:05 865

Satbayev University-де соңғы екі ай ішінде қызметкерлер мен студенттерді вакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізлген. Оқу орынның медициналық орталығында №4 және 12 емханалардың дәрігерлері шақырылып, вакцина пункті ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда коронавирус инфекциясына қарсы QAZVAC, CoronaVac, Hayat-Vax пен Спутник V вакциналары бар.

Бүгінде университет қызметкерлерінің 65%-дан астамы және студенттердің 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің еңбек ұжымдарының Сovid-19-ға қарсы міндетті вакцинасы туралы қаулысы шыққаннан кейін университет вакцина алған студенттер мен қызметкерлердің санын арттыру бойынша жұмысты күшейткен.

1 тамызға дейін қызметкерлердің 100% вакцина алуы жоспарлануда. 1 тамыздан бастап университет аумағына кіру медициналық қарсы көрсетілімдері бар вакцинадан өткен қызметкерлер мен білім алушыларға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап Сәтбаев университетінің аумағына Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады.

Вакцина алғандар үшін қосымша ынталандыру ретінде ЖОО-да бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.

2021 жылдың 1 мен 31 шілде аралығында  Satbayev University-нің  вакцина алған студенттері арасында мынандай жүлделер беріледі:

- жеке стартап ашуға 5 млн теңге грант;

- ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын;

- елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығысты толық өтеу құқығы;

- Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша 100 курс.

2021-2022 жылдары вакцина алған студенттер:

- қайта курстардан тегін өту және 3 кредитті қайта тапсыру;

- шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және т. б.) қатысуға мүмкіндік алу;

- академиялық ұтқырлық шеңберінде қосымша білім алу үшін шет елдерге және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына баруға.

Вакцинаға қатысқан қызметкерлер мен ПОҚ үшін 2021 жылғы 1 шілдеден 31 шілдеге дейін мынадай жеңілдіктер беріледі:

- ПОҚ мен қызметкерлер орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босатудың 2 күніне құқық алады;

- 10 қызметкер 2021 жылдың соңына дейін ЖОО жатақханаларында тұруға 50% жеңілдік алады;

- 100 қызметкер 5000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Еске салсақ, 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда 480 мыңнан астам адам вакцина алды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 300-ден астам екпе бригадасы қызмет атқарады.

Рекомендовать
Последние новости