Алматы облысының волонтерлер жыл бойы қандай жұмыс атқарды?

Dalanews 10 окт. 2022 11:04 1206

«Ерікті болу – ерлік!». Жұмыр басты пенденің басындағы мұңның бұлтын сейілтіп, қайғының арнасын тарылту үшін қаражаттан бұрын қайрат керек.  Бойындағы жігерін жасы мен жасамыстың тағдырындағы түйінді тарқатуға сарп етіп жүрген жандар назғыз ерлер. Олар өзінен бұрын өзгенің қамын күйіттеген азаматтар. Дүниенің бір бөлігін мейірімге толтыруға ат салысып жүргендердің істеген істері ерлікке пара-пар. Бүгінгі біздің ойға арқау болатын тақырыпта еріктілер жайлы болмақ.

 

Алматы облысында 3598 волонтер бар

Бір ғана Алматы облысын алатын болсақ, мұнда 14 пен 29 жас аралығындағы 280 017 жас бар. Олардың ішінде 3598-і ерікті ретінде тіркелгендер қатарында. Өңірде өз еркімен елге жақсылық жасаудан алдына жан салмайтын жастардың саны айтарлықтай көп болмағанымен олардың атқарған істері жүректерге жылу сыйлары анық.

Аймақтағы 36 волонтерлік ұйым, 15 жастар ісі жөніндегі комитет пен 17 үкіметтік емес ұйымдарда игіліктен шет қалып жүрген жоқ.

Алматы облысы қазақтың дархандығын алға тартатын орта. Әсіресе, жастар саясаты қайырымдылыққа келгенде алдына қара салдырмайды. Сөзіміздің дәлелі сол, жыл басынан бері облыста 4142-ден астам волонтерлік акциясы ұйымдастырылған.


Айталық «Күшіміз бірлікте» акциясы Алашты бір тудың астына ұйыстырып тұрған ұлы сөзге айналғаны қашан?.. Татутылық туын жықпаған елді ендігі жерде жанға жылулық сыйлар ұлықты істері «бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай» етіп біріктерген ұран іспетті. Дәл осы атауды арқау еткен шара республика аумағында көп-ау, бірақ облыстағы бұл шара бірегей.

Нәтижесіде көңіл қуантады. Қаңтардың 11-де басталған волонтерлік акциясының негізгі мақсаты – жалғызбасты, көпбалалы отбасыларға жәрдемдесу. 404-404 «Жедел желісі» науқан аясында желіге қосылды. Шамамен 181 қоңырау келіп түскен. 100-ден астам тағдырлар дәл осы желіге мұңын шағып жеңілдеді, сәйкесінше ұйымдастырушыларда олардың жүгін көтерісіп, жеңілдеттті. Басты міндет орындалды.

 

Еріктілер жүрекке жылу сыйлап келеді

Алматы облысының волонтерлері «Біргеміз» сөзін сана түкпіріне тоқып алғандары. Онысы атқарған жұмыстарынан да тіпті, акцияға арқау болған аттарданда көрініс тауып келеді. Кезекті бірлігі жарасқан топтың игілікті шарасы «Birgemiz: Qamqor» деп аталады.

Бұл бағыт бойынша 2711 акция ұйымдастырылып, 10 820 аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді. Облыс көлемінде «Іле жүрегі», «Ана мен бала», «Жерұйық Кеген» волонтерлік ұйымдары белсенді жұмыс атқарағанын атап өткен абзал.

Сонымен қатар, үйсіз жануарларды қорғауға және көмектесуге бағытталған 151-ден астам шара  «Birgemiz: Ayala» жобасы шеңберінде өткізілсе, «Asyl Mura» бағыты аясында ескерткіштерді тазалау, тарихи-мәдени объектілерді сақтау бойынша жыл басынан – 78 акция өткен болатын.

Сондай-ақ, болашақ білімді жастардың қолында екенін ескергер волонтерлік қозғалыс өкілдері 1200 оқушының ағылшын тілін тереңдетіп оқуына мүмкіндік берді. Айта кетейік тілді тегін меңгеруге жолдама алған жастардың дерлігі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ауыл мектептерінде оқитын баладардан құралды. Оларға білімін жетілдіруге  «Bilim way» жобасы мұрындық болды. Аймақта  «Birgemiz: Bilim» аясында осы тектес 210 акция өткізілгенін қуанышпен хабарлаймыз.


Облыстағы еріктілердің бастамасымен «Birgemiz: Saylyq» бағыты бойынша, науқастар күтіміне көмек көрсету мақсатында  99 акция өткен еді.

Оның ішінде дәріханалардың жұмыс кестесі туралы ақпарат беру мақсатындағы «Онлайн дәріхана» акциясында 11-20 қаңтар күндері 36 жалғызбасты қартқа олардың өздерінің қаражаты есебінен дәрі-дәрмектер жеткізілді.

Сонымен қатар «Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты аясында волонтерлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсету бойынша – 149 акция өтті.

Облыс көлемінде «First class» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тәжірибе алу және жетім балалардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, тәлімгерлер пулы қалыптастырылды.

Ал «Birgemiz: Taza Alem» жобасын ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға жас буынды баулу бойынша қызмет етіп, 349 ашара желкенін көтерді.

 

Қайырымды жүрек...

Қайырымдылықтың басты миссиясы – үміт сыйлау. Мұныда Алматы облысының еріктілері назардан тыс қалдырмады. Қазіргі таңда адам өміріне қауіп туғызатын түрлі оқиағалар орын алу үстінде, сол себепті облыс еріктілері «Birgemiz: Umit» бағыты бойынша жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты 589 шараны абыроймен атқарғанын еске саламыз.

Осы тектес игі істің жалғасын сан жүректі жылытқан «Жанашыр жүрек» акциясы толықтырған жайы бар. Онда 603 ерікті жас бойынша қарттар мен көп балалы, аз қамтылған отбасыларға түрлі бағытта көмек қолын созған болатын.

Бұл – акцияның өтуіне қала және аудандарда жұмыс жасап жатқан ірі және орта кәсіп орындары мен жергілікті әкімшілік, қала және ауданның маслихат депутаттары қолдау көрсеткенін баса айтқан абзал. 


Қазаны қайнаған қайырымдылыққа үлес қосу тектінің тегімен астасып жатқан үлкен іс. Осы сауаптың арқанын есуге волонтерлерді көбірек тарту жұмысы қашанда өзекті. Бұл іспен негізінде өңірлік фронт-офистердің қызметкерлері айналысып келсе, ауылдық округтерде бұл жұмысты жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар ұйымдастырады.

Тағдыр сын тезіне салып, өмірдің аязында жылы жүректен от алуға қарманған қарашаның қарашығындағы қаяуды азайтып, көзіндегі мөлт еткен жасты сүртуге тырысқан қайырымды жүректің иелерінің бұл қадамдары мақтауға тұрарлық.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Рекомендовать
Последние новости