Алматы облысындағы жол апатына байланысты арнайы комиссия құрылды

Dalanews 15 сент. 2019 17:49 806

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы пойыз бен автобус қақтығысқан оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес жол апаты 15 қыркүйек сағат 19:20-да Алматы-Отар тас жолындағы Шамалған станциясында болған.

Алматы мен Қаскелең арасында тұрақты қатынайтын автобус пен Алматы - Қостанай бағытындағы №43 жолаушылар пойызы қақтығысып соның салдарынан автобус жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.  


Оқиға себеп-салдарын анықтайтын комиссия құрамына транспорт комитетінің және Қазақстан темір жолы компаниясының мамандары кірді. Комиссия өкілдері оқиға орын алған жерге аттанып кетті.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің хабарлауынша Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 3 адам жараланған.

Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

https://youtu.be/ldHnAhSak9k

Рекомендовать
Последние новости