Алматы облысында полиция бір тәулікте үш барымташыны ұстады

Жарбол Кентұлы 19 нояб. 2024 15:41 454

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері 12 бас жылқыны ұрлау туралы резонанстық істі ашты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 қарашада Ақдала ауылында болды. Шаруа қожалығының иесі жалпы құны 10,6 млн теңгені құрайтын 12 бас жылқының ұрланғаны туралы арызданды. Полиция қылмыстық істі тіркеп, дереу іздеуге кірісті.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп хабарлады полицияда.

Осыған ұқсас мал ұрлық оқиғалары Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелді, онда қаскүнемдер бір жылқы мен ірі қара малды ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында күдіктілер ұсталды. Қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Полиция мал иелеріне сақтық шараларын ұстану керектігін ескертеді. Мал ұрлығы жағдайларының көпшілігі тірі мүлікті қорғауға немқұрайлы қарауға байланысты. Тәртіп сақшылары азаматтарды қаскүнемдердің құрбаны болмас үшін малды тиісті қараусыз қалдырмауға шақырады.


Рекомендовать
Последние новости