Алматы облысында Kolsay Grand эко қонақ үйі ашылды (фото)

Dalanews 21 июн. 2021 10:06 2870

Отандық туристерден бөлек, шекара асып келушілердің сүйікті демалыс орны, табиғаттың інжуі-Көлсай көлі. Демалушылар саны жыл санап артып келе жатқан аталған аймақта ішкі туризм дамуда. Сәйкесінше, қонақ үй кәсібі де жандана түскен.

Сатыдан Көлсайға апарар жолдың бойында орналасқан қонақ үйді құрылысы 2 жыл жүргізілген.  Екі қабатты нысанның іші заман талабына сай жасақталған. Қонақ үйде 40 адамға лайықталған 20 жатын орын дайындалған. Сапасы тамаша, көрінісі көз тартарлық сәулет өнері, өткен адамды өзіне қызықтырмай қоймасы анық.

Көлсай көлінен 5 минуттық жерде орын тепкен Kolsay Grand - эко қонақ үй. Аты айтып тұрғандай, ғимарат иелері мұнда табиғилықты алдыңғы орынға шығарған. Айтуларынша,  Қонақ үй мәзіріндегі тағамдар  тек өздері  қолдан жасайтын табиғи өнімдерден дайындалады екен. Өзгелерден ерекшелігі де осында. Ет, көкөністер, жемістер бәрі табиғи азық-түліктер қатарынан алынады.

«Ең әуелі барлық жағдай келушілер үшін жасалады. Олар бізден жоғары сапалы қызмет алуына барымызды саламыз. Келушілердің көңілдері толса содан асқан бақыт жоқ. Өйткені командамыздың кәсібилігіне баға беретінде қонақтар»,-дейді Kolsay Grand қонақ үйінің директоры Әлішер Тайжанов.



Ғимараттың қапталында «Глэмпинг» салынған. Глэмпинг – бұл табиғатта жоғары дәрежеде демалу. Көлсай көлінің маңында бой көтерген нысандағы глэмпингтің ерекшелігі мұнда таза ауада құрылатын шатырларды жұмсақ төсегі бар жайлы үй алмастырады. Сондай-ақ, шомылуға арналған өзеннің орнына арнайы жуынатын бөлмесі болады. Бұдан бөлек, бұқтырма тамақтарды, дәмі тіл үйіретін мейрамхана тағамдары алмастырады екен. Мұндай демалыс жабайы табиғаттың  құшағында болуды ұнататындарға арналған.

«Дәл осы маңнан кәсіп ашу алғаш рет Көлсай көліне келген кезде ойға келді. Кейін істің қамына кірістік. Екі жылдың ішінде салып біттік.  Алдағы таңда аулада тұрған «Глэмпинг» санын ұлғайтқымыз келеді. Қанша айтқан мен эко қонақ үй бағытын ұстандық қой. Әлі талай жұмыс бар жасалатын»,-дейді Әлішер Әбенұлы.

Айта кетейік, мұнда бір күнге тұрақтау 15 мың теңгеге шығады. Ең шекті баға 36 мыңға дейін барады. Аталған қаражатқа жатын орын мен үш уақыт тамақтануы кіреді.  Тянь-Шань тауының етегіндегі Көлсайдың сұлулығын көремін деуші туристер қауымы аялдайтын көркем мекен кереметті керек етпейді. Өз сұлулығы өн бойыңды баурап алады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости