Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды

Dalanews 20 апр. 2020 09:00 799

Бүгін Алматы облысында коронавирусқа зертханалық тексеру барысында тағы 3 адамның ауырғаны белгілі болды. Оның екеуі Кербұлақ, біреуі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кербұлақ ауданының 1973 жылы және 1991 жылы туған тұрғындары - бұған дейін 17 сәуірде аты жаман індетке шалдыққан адаммен  байланыста болғандар. Ал,  Еңбекшіқазақ ауданында індеттің ілмегіне іліккен 2006 жылғы жасөспірімнің әзірге вирусты кімнен жұқтырғаны белгісіз. Анасының айтуынша, баласы ешкіммен байланыста болмаған. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалында үш пациентке жасалған лабораториялық зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Қазір олар Еңбекшіқазақ аудандық көп салалы ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Кеселдің кесапаты тиген жандармен байланыс орнатқандар саны – 24. Солардың ішінде үй жағдайында байланыста болған 12-сі үй карантиніне алынса, сыртта қарым-қатынас жасаған 12-сі провизорлық стационарға жатқызылды. Олардың барлығынан вирусологиялық анализ алынды.

Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ге жетті.

Анар САБЫРОВА


Рекомендовать
Последние новости