Алматы облысында Боранбаевқа тиесілі болған жерлер аукционға қойылды

Көркем Алдабергенова 23 июл. 2025 17:31

Алматы облысында тәркіленген 10 жер телімі аукционға қойылды. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы облысындағы тәркіленген 10 жер телімі 13 тамыз күні аукционға шығарылады. Учаскелер Қарасай және Жамбыл аудандарында орналасқан.

Ең арзан лоттың бастапқы бағасы 11,2 млн теңгені, ал ең қымбаты - 474,7 млн теңгені құрайды. Барлық лоттардың жиынтық бастапқы құны 1,5 млрд теңгеге жетеді.

Аукционға қойылған жер телімдерінің бірі - аумағы 3323 гектар болатын учаске - бұрын Қайрат Боранбаев құрылтайшысы болған Almaly холдингіне тиесілі болған. Ол Шиен ауылының маңында орналасқан. Бұл учаскенің бастапқы бағасы - 243 млн теңге.

Аукционға қатысу үшін:

E-Qazyna платформасында тіркелу;

Кепілдік жарна енгізу;

Өтінішті белгіленген мерзімде тапсыру қажет.


Рекомендовать
Последние новости