Алматы облысында 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайады

Dalanews 11 нояб. 2021 12:00 1193

Жыл аяғына қарай Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі алғаш рет бір триллион теңгеден аспақ. Биылғы жылы мемлекеттік қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның 43 млрд. теңгесі субсидияға бағытталды. Бұл жайлы бүгін Нұр-Сұлтан қаласын Президент жанындағы ОКК алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шаралармен өңірдің 15 мың шаруашылығы қамтылған.

Спикердің сөзіне сүйенсек, облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 972 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде қант қызылшасы – 16 мың, жүгері – 95 мың, картоп 40 мың гектардан асты.

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шаралары қабылдануда. Біз 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен шикізат өндірісі көлемін екі миллион тоннаға жеткізу жөнінде ауқымды міндет қойып отырмыз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Ол үшін Көксу және Ақсу қант зауыттарын жаңғырту арқылы олардың жалпы бір жылдағы өңдеу қуатын 1 млн. 100 мың тонналық деңгейге жеткізу жоспарланған.

Рекомендовать
Последние новости