Алматы облысы ономастикалық мәселелерге көңіл бөлмек

Dalanews 29 июн. 2017 06:49 833

Талдықорғанда Тіл  сарайында Алматы облысы Тіл басқармасының ұйымдастыруымен «Өңірлердегі ономастикалық атауларды реттеу мәселелері» бойынша облыстық семинар-кеңес өтті. 

Семинар барысында  өңіріміз  бойынша ономастиканың  бүгінгі  жай-күйі мен маңыздылығы жан-жақты талқыланып, елді мекендердің тарихи  атауларын қалпына келтіруге қатысты ой-пікірлер  өрбіді. Облыстық және жергілікті мәселелер бойынша ақпараттар мен тәжірибе алмасудың жайы да тілге тиек етілді.   

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Халқымыз жерге ат қою арқылы елінің тарихын жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі – оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттың нышандары елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс», – деген сөзі тіл саласында жүрген мамандардың басты назарында болуы тиіс. Семинар-кеңесті ашып, жүргізген облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы осылай деді.

Келелі кеңесте баяндама жасаған І. Жансүгіров  атындағы  Жетісу Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Қанипаш  Мәдібаева, І. Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, фразеолог-ғалым Қарлығаш Сарбасова  өңірлердегі ономастикалық атауларды реттеу мәселелері бойынше кеңінен әңгіме қозғап, өз  ұсыныстарын да ортаға салды.  Семинарды басқарма басшысы Айдар Башбаев қорытындылап, «Тіл тазалығын сақтайық» акциясына белсене  қатысып, мемлекеттік тіл мәртебесін   арттыруға  қосқан үлесі үшін   Іле, Талғар, Алакөл, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласы  әкімдігіне басқарманың  Алғыс хатын табыстады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости