Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады: жағдайы ауыр

Көркем Алдабергенова 09 июл. 2025 12:14

9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік апатына түсті. Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Апат облыс аумағындағы тас жолдардың бірінде болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шенеунік түрлі дене жарақатын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, Әсет Масабаевтың жағдайы ауыр. Ол бас миының шайқалуы, кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты және көптеген соққы жарақаттарын алған.


Рекомендовать
Последние новости