Алматы әкімдігі әйелдер митингін өткізуге рұқсат берді

Қаракөз Амантай 05 мар. 2024 10:58 2380

Қоғам белсендісі Бибінұр Шералиева Facebook желісіндегі парақшасында бастамашыл топтың митинг өткізуге әкімдіктен рұқсат алғанын жазған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында "Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!" тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз. Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан рұқсат берілді", - дейді қоғам белсендісі.

Осы тұста ол шеруде әйелдерге байланысты өзекті тақырыптар қозғалатынын атап өтті.

"Осыған байланысты сіздерді 7 наурыз күні сағат 12:00-де М.Ганди саябағында өтетін іс-шараға қатысуға шақырамын. Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады", - деді Шералиева.


Рекомендовать
Последние новости