Әлдекімнің жауапсыздығы өзгенің өміріне қауіп төндірмеуі тиіс

Dalanews 28 мар. 2020 04:21 808

Құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, коронавирус тез тарап, ауырған адамдардың саны артып келеді. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар. Індет кесірінен қаза болған кісінің отбасына көңіл айтамыз. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады.

Бұл оқиға инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін тағы бір рет көрсетті.

Біріншіден, Ол аурухананы қазір карантинге жаптық, кейбір дәрігерлер де карантинге жатты.

Тағы бір карантинге жабылған нысан – ол №1 автобус паркі.

Мониторинг барысында аталған мекеменің жұмысшысы вирус жұқтырғаны анықталды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін автопарк жұмысшылары тескеруден өтеді. Мекеме аумағына және автобустарға дезинфекция жұмыстарын жүргіздік.


Біз бұл қауіпті тәртіп пен қатаң шараларсыз еңсере алмаймыз.

Екіншіден, 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тоқтайды. Автопарк жұмысшыларының денсаулығы тексеріледі.

Байқағанымыз, мереке күндерінен кейін көшедегі халықтың қарасы көбейді.

Азаматтардың оқшаулануын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланды. Медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастыруға көмектесеміз.

Үшіншіден, азық-түлік алуға, дәріханаларға баруға, медициналық қызмет алуға және рұқсат етілгендерге жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі. Басқаның бәрі шектеледі, үйден шығуға болмайды.


Бір айта кететіні, бұл енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс Төтенше жағдайдың тәртібі.

Енді қала көшелерін патрульдік қызмет қадағалайды.

Әлдекімнің жауапсыздығы басқа адамдардың өміріне қауіп болмауы тиіс!

Төртіншіден, 25 наурыздан бастап зейнеткерлердің, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдарын және азық-түлікті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Өтініштер iKomek 109 қызметі арқылы қабылданып жатыр.

Азық-түлік дүкендері жұмыс істей береді.

Бесіншіден, кәмелет жасына толмаған балалардың үлкен адамдарсыз көшеде жүруіне тыйым салынады. 6 сәуірден бастап оқушыларды онлайн форматпен оқуға көшіреміз.


Алтыншыдан, саябақтар, скверлер, жағалаулар, көшедегі балалар ойнайтын алаңдар, тағы басқа қоғамдық орындардың барлығы жабық.

Құрметті қала тұрғындары!

Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз! Темірдей тәртіптен басқа жол жоқ. Жақындарыңыздың жаны қиналғанын күтпеңіздер. Қазірден бастап қамданған жөн!

Рекомендовать
Последние новости