Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Астанада қақаған аяз сақталса, Алматыда жауын-шашын түсіп, көктайғақ қаупі күшейеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
14 қаңтар күні елордада аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде минус 28–30 градусқа дейін төмендеп, күндіз минус 21–23 градус шамасында сақталады.
15 қаңтарда да Астанада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9–14 метрге дейін күшейеді. Түнгі уақытта ауа температурасы минус 26–28 градусқа дейін төмендеп, күндіз минус 20–22 градус деңгейінде болады.
16 қаңтарда ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, секундына 9–14 метр жылдамдыққа жетеді. Түнде ауа температурасы минус 26–28 градус, күндіз минус 20–22 градус шамасында сақталады.
Алматыда 14 қаңтар күні аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын түспейді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде нөлден минус 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз плюс 3–5 градус аралығында сақталады.
15 қаңтарда Алматыда ауа райы күрделене түседі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман сақталып, жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы минус 3–5 градус, күндіз минус 1 мен плюс 1 градус аралығында болады.
16 қаңтарда қалада мезгіл-мезгіл қар жауады. Тұман мен көктайғақ қайтадан қауіп төндіреді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3–8 метрге жетеді. Түнгі уақытта ауа температурасы минус 5–7 градусқа дейін төмендеп, күндіз минус 1–3 градус шамасында сақталады.
