Қазақстан аспанында екі жолаушы ұшағы соқтығыса жаздады

Қаракөз Амантай 13 янв. 2026 15:48

10 қаңтар күні Қазақстанның әуе кеңістігінде екі жолаушы ұшағы қауіпсіздік талаптарында белгіленген арақашықты сақтамай, бір-бірімен соқтығыса жаздады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға сағат 05:42 шамасында Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында болған. Сол сәтте бір әуе секторында бір мезетте екі әуе кемесі болған. Олар Boeing 737-800 - Победа әуе компаниясының PBD997 рейсі (Внуково – Самарқанд бағыты) және Airbus A320 - Uzbekistan Airways әуе компаниясының UZB9609 рейсі (Термез – Мәскеу бағыты).

Ресми мәліметке сәйкес, жағдай тергеуге жататын ауыр авиациялық оқиға ретінде бағаланған.

Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылады. Ол инциденттің себептерін, соның ішінде әуе қозғалысын басқару барысында жіберілуі мүмкін қателіктерді немесе экипаж әрекеттерін анықтауы тиіс.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove