Алдағы 5 жылда Талғарда 7 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Dalanews 04 янв. 2021 15:41 942

«Nur Otan» партиясының Талғар ауданы бойынша үміткерлері халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартуға жасалған негізгі қадам деп санайды.

Халықты баспанамен қамту ісі бас партияның сайлауалды бағдарламасында айрықша көңіл бөліп, ерекше мән берген. Қазіргі таңда Талғар ауданында да халықты тұрғын үймен қамту өзекті мәселелердің бірі десек болады.

Осы ретте «Nur Otan» партиясы бойынша ҚР Мәжілісіне үміткерлері Әлия Абсеметова мен Айгүл Құспан Талғар ауданы тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен талқылады.

Айталық, «Nur Otan» үміткерлері Тұзбыдастау ауылындағы Мәдениет үйінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыс кезінде аудан бойынша үй кезегінде тұрған

4 4 29 адам тұрғанын айта келе, бұл мәселені оң бағытта шешу ісін бар күштерін салатындарын айтты.

– «Nur Otan» 2025 жылға қарай әрбір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 25,6 шаршы метрге дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл үшін алдағы уақытта Талғар ауданында 720 пәтерлік 10 көп қабатты тұрғын үй және 6 мыңнан астам жеке тұрғын үй салу жоспарланып отыр, – деді үміткер-кандидат Әлия Абсеметова ойын ортаға салды.

Кездесуде тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, аманаттарын жазып қойын дәпетрлеріне түртіп алды. Осы ретте халықпен жүздесу барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен маска режимі қатаң сақталғанын айта кетуіміз керек.

10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Nur Otan – бюллетенде екінші! Өмірде бірінші партия!

(Материал ақысы Талғар ауданды «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қорынан төленді)

Рекомендовать
Последние новости