Алакөлді абаттандыру байқауы жарияланды

Dalanews 20 февр. 2018 03:31 989

Шығыс Қазақстанда Алакөлдің сол жақ жағалауын кешенді абаттандыру бойынша үздік Арт жобаға байқау жарияланды. Оған қатысуға ниетті құрылыс компаниялары, сәулетшілер, жобалық ұйымдар өз жобаларын ағымдағы жылғы наурыз айының 25 дейін Үржар ауданы әкімдігіне ұсынуы керек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған байқауға қатысатын еңбектерді саралау үшін байқау комиссиясы құрылған. Комиссияға ШҚО әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен сәулет, қала құрылысы, туризм, жерқатынастары, кәсіпкерлік, табиғи рессурстарды пайдалану, әлеуметтік жобаларды үйлестіру, қаржы, экономика, ішкі саясат және қоғамдық бірлестіктерден мамандар кірген.  Жұмыс тобы жобалар мен ұсыныстардың ішінен үздігін таңдайтын болады. Ал байқау ережелерін Үржар ауданы әкімдігі әзірлейді.

– Конкурс ашық болады. Оған сәулеттік жобаларды әзірлеуге еңбек және материалдық ресурстары жететін жобалық мекемелер мен сәулетшілер қатыса алады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Байқауға қатысу үшін қатысушыдан немесе ұйым атынан өтінім мен сәулеттік жоба қажет, – деді баспасөз маслихатында Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

АРТ-жоба бәйгесінде геодезия, қолайлы демалысқа қажетті инфрақұрылым жүргізу, эстетикалық сырқы көрініс сияқты басымдылықтарға аса мән берілмек.

– Егер сізде жобаға қатысты жақсы идеяңыз болса, туризмның дамуына сүбелі үлес қосқыңыз келсе байқауға қатысыңыз. Ойыңызда жүрген жоба жүзеге асып, өңірдің ішкі туризмінің  түрленуіне түрткі болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жеңімпазға қомақты қаржылық сыйлық беріледі, – деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан  Сәрсебаев.

Айта кету керек, Алакөл аймақтағы туризмді дамыту жобасында маңызы зор бағыттардың бірі болып табылады. Биылғы жылы Алакөл жағалауын абаттандыруға бір млрд. теңге қаржы қарастырылған.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/34170

Рекомендовать
Последние новости