Алакөлде «Nur Otan» партиясы үміткерлері кәсіпкерлікті өркендету мәселелерін халыққа түсіндірді

Dalanews 30 дек. 2020 06:38 798

Алакөл ауданында сайлауалды науқандағы насихат жұмыстары өз жалғасын тауып, «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Д.Каримов пен аудандық мәслихатқа кандидат Қ.Көкебаев З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйіне кәсіпкерлермен кездесі өткізді.

Шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервінің бірі болып табылады. Ауданда кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.

Алайда COVID-19-ның таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.

Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру сияқты секторлары зардап шекті, ал олар өңір экономикасының 38%-ын құрайды. Аталған мәселені таразы басына салсақ шағын дәне орта кәсіпті қолдаудың өзектілігі күн санап артып келе жатқандығын байқаймыз. Халықтың басым бөлігі осы салаға бет бұрса, сол арқылы халықтың хал-ахуалы да оңала түспек.

Осы ретте мемлекеттік дамудың қозғаушы секторы саналар шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі мен кедергілерді жою бойынша «Nur Otan» партиясы тарапынан қарастырылған жаңа мүмкіндіктер жайында сөз қозғалды.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатқа үміткер Қ.Көкебаев өңір аумағында бизнес өкілдеріне қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар жайында әңгіме өрбітіп, партияның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстар легімен таныстырды.


Өз сөзінде пандемия салдарынан ақсаңдай бастаған орта және шағын кәсіпкерлікті қайтадан аяққа тұрғызу, одан әрі дамыту жолдарын айшықтап, көрсетілер көмектерге де тоқталды.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Д.Каримов кәсіпкерлік саласының азулы өкілі болғандықтан алда кездесер кедергілерді қалай жеңу керектігі жайлы мағлұмат беріп, бизнесті дамытудың тиімді әрі оңтайлы жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар бас партияның кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша бекітілген игілікті шаралары мен бағдарламаларын тілге тиек етті.

Л.ТУКЕЕВА, Алакққл аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости