Алакөлде 700 балаға арналған лагерь ашылады – Бейбіт Исабаев

Dalanews 13 июн. 2023 08:49 1328

Жетісу облысында жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп іске қосылып, 5 мектептің құрылысы басталады. Ал өткен бір жыл ішінде 2290 орындық 8 мектеп қолданысқа берілген болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал 1 шілдеден бастап Алакөл жағалауындағы Ақши ауылында балаларға арналған «Жалын» лагері ашылады.

Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, 2025 жылға дейін 21 жаңа мектеп салынады, оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 8700 орындық 10 мектеп тұрғызылады, ал 1800 орындық 2 мектеп құрылысы Алакөл ауданы Достық ауылы мен Панфилов ауданы Жаркент қаласында биыл басталады.

Сол сияқты жазғы демалыс сауықтырумен облыста қала сыртындағы лагерлерде, мектеп жанындағы қосымша білім беру ұйымдарында және ата-ана мен демеушілер қолдауымен 103,3 мың бала қамтылады.



– Президенттің Талдықорған қаласында ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын ашу туралы тапсырмасы жастар үшін айтулы қуанышты жаңалық  болды.

Қазіргі кезде филал ашу туралы келісімшарт Хажеттеп университетіне Түркия Республикасының Жоғары білім кеңесімен келісу үшін жолданды. Сонымен бірге Талдықорғанда «Jetisu Digital» IT-хабы құрылды. Мұнда белсенді жастардың өз идеяларын нақты бизнес-жобаларға енгізіп, табыс табуына мүмкіндіктері бар, – деді Бейбіт Исабаев.

Рекомендовать
Последние новости