«Әл-Жәбрдің атасы» журналы өзбек тілінде жарық көрді

Сағыныш Сардарова 11 июн. 2024 13:51 2929

Қазақстанда шығатын математика бағытындағы  «Әл-Жәбрдің атасы» журналының өзбек тіліндегі нұсқасы жарық көрді.

Басылымның  бастауында ҚРҰлттық ғылым академиясының вице-президенті, академикАсқар Жұмаділдаев тұр. Математика бағытындағы  ағартушылық басылымжарты жылдан бері қазақ тілінде тұрақты шығып тұрады. Енді шет мемлекеттерден қызығушылық артып, өзге тілде басып шығару ісі қолға алынды.

«Әл-Жәбр» дегініміз - алгебра, ал оның негізін қалаушы осыдан 1200 жылдай бұрын Арал теңізі маңында өмір сүрген Әл-Хорезми. Ғұламаның сол заманда математика іліміне енгізген термин-ұғымдары бүгінге дейін қолданылып келеді. Кейбірі технологиялық прогреске жол ашқан. Ғалымдытұтас Орталық Азия халықтары мақтан тұтады. Ғылыми-танымдық журналдың «Әл-Жәбрдің атасы» деп аталуы сондықтан.

АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Біздің мақсат – ұлы аталарымыздың жолын жалғастыру. Кезінде бүкіл әлемнің дамуына ғаламат үлес қосқан Орталық Азиядан шыққан екі адам болса, соның бірі -Әл-Хорезми. Ол ғұламадан мына екі сөзі қалды: алгебра және алгоритм. Қарапайым телефон,теледидар және техниканың өзге де түрлері әуелі алгоритмнен құралады.

Басылым негізінен балаларға арналған. Мазмұны математика жайлы болғанымен, басқа да салаларды қамтиды. Орта және жоғары буын оқушыларының "Тай жарысы", "Құнан жарысы" және мектеп ұстаздарының "Дөнен жарысы" атты олимпиадалық тапсырмалар тарауы бар. Журналдың өзбекше нұсқасы қазақ тіліндегі журналмен қатар жарық көріп тұрады. Басылымның Ташкентте өткен таныстырылымына Өзбекстан ғылым академиясының өкілдері де қатысып, шығармашылық топқа алғысын білдірді.

ГҮЛСАНАМ ТИЛЛАЕВА ӨР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл журналдың өзбек тілінде жарық көруін қазақ-өзбек ғалымдары арасындағы өзара ынтымақтастық пен достықтың жарқын көрінісі деп айтуға болады. «Әл-Жәбірдің атасы» журналының шығуына екі елдің ғылым академиялары, тиісті министрліктері мен жас ғалымдары қызығушылық білдірді, үлес қосты. Алдағы уақытта оның мазмұны тереңдеп, оқырманын жаңа біліммен сусындатады деген үміттеміз.

Журналдың шығуына қазақстандық QalanEdtechкомпаниясы қолдау көрсеткен. Бұл мекеме елімізде ғана емес, Өзбекстанға да кең қолданылып жүрген математиканы онлайн оқыту платформасын жасап шығарған. Қазір жобаекі жаққа да тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналып келеді.

АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Бұл журналды шығаруға демеуші болған - менің студенттерім. Qalan жобасы кезінде менен математика бойынша бірнеше кеңес сұраған еді. Сол кезде білер ақылымды айтқанмын, сол нәтижелі болса керек, қазір ол студенттерім үлкен жетісікке жетіп жатыр.Менің байқауымша, өзбек жастары, қазақ жастары арасында үлкен ұқсастық бар. Оқу, білім, ғылым жүйесі және мінез-құлық. Біздегі проблема бұларда да бар, бұлардағы проблема бізде де бар. Сол себептіQalan-ға және «Әл-Жәбрдің атасына» қызығушылық үлкен екенін байқадық.

Белгілі математик аталған журналдың өзбек тіліндегі нұсқасын оқитын жастардың қатары көп боларына сенімді. Көрші ел ғалымдары да осындай пікірде.Олардың айтуынша, басылым өзбекстандық білімге құштар бүлдіршіндердің санасына серпіліс жасауы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости