Ал Арал маңынан титан өндірілетін болды

Dalanews 24 нояб. 2017 05:48 971

Елімізде ИИДМБ (индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы) аясында іске қосылған жобалардың саны күн санап көбейіп келеді.

Бұған дәлел алдағы Қызылорда облысының Арал ауданында титан өндіретін кен байы­ту комбинаты салынад­ы.

Облыс үшін орны ерекше жоба республикалық Индустрияландыру карт­асына енгізілген.

Қазірде салынатын ныс­анның техникалық-эконом­икалық негіздемесі жасалуда. Ал жоба құны 3,4 млрд теңгені құрамақшы.

Қаза­қстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыр­атын комбинат құрылы­сын келесі жылы баст­ау жоспарланып отыр. Өндіріске қажет шик­ізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алынбақшы.

Айта кетсек, титанның негізгі бөлігі ракета-космос өндірісінде және химиялық, биомедицина­лық, зергерлік өнерк­әсіпте кеңінен қолда­нылады.

Бұл өз кезегінде Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық өміріне өзгеріс әкелері анық. Бұл сөзімізді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та қуаттап отыр.

«Комбинатқа қажетті шикізат негізінен же­ргілікті жерден қара­лып жатыр. Арал өңір­інде ашылмаған әлі де элементтер көп қой. Мен білсем, Менделе­евтің барлық элемент­тері осы Арал өңірін­ен табылады. Бұл біздің аудан үшін үлкен мүмкіндік. Бастысы жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді аудан басшысы.

Әзіргі таңда жер қыртыстарына зерттеу жұмыстары жасалып және Ақеспе елді меке­нінде жерасты ыстық суы ағып тұр. Міне, осының да құрамын зер­ттеу жұмыстарын жасап жатыр. Негізгі шик­ізат Арал өңірінен болады деп жоспарлану­да.

Рекомендовать
Последние новости