Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі – «Владимир Дворковичті еске алу турнирі – Aktobe Open 2025» мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Жарысқа 20 елден келген 311 шахматшы қатысты. Турнир 2025 жылғы 22-30 маусым аралығында «АСЕ» теннис орталығында өтті. Ұйымдастырушылар – ФИДЕ және Қазақстан шахмат федерациясы. Қолдау көрсеткендер – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі. Бас серіктестер – Freedom Holding Corp. және Ақтөбе мыс компаниясы.
Фестиваль үш турнирден тұрды: Masters (рейтингі 2400 және одан жоғары), Challengers (рейтингі 1900-2399), және Open (рейтингі 1400-1899). Барлық жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда, классикалық уақыт бақылауымен өтті (әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд қосылады).
Masters турнирінің жүлдегерлері:
- Алексей Сарана (Сербия)
- Арьян Чопра (Үндістан)
- Жамсаран Цыдыпов (FIDE)
- Иниян Па (Үндістан)
- Мұртас Қажғалиұлы (Қазақстан)
- Ван Хао (Қытай)
- Сюй Хауин (Қытай)
- Шант Саргсян (Армения)
- Санан Сүгіров (Венгрия)
- Иван Чепаринов (Болгария)
Challengers турнирінің жүлдегерлері:
- Алан Петухов (Ақтөбе)
- Бахтияр Нұгыманов (Астана)
- Константин Казаков (Павлодар)
- Ернұр Амангелді (Астана)
- Кирилл Кудеринов (Ақтөбе)
- Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда)
Challengers турнирінің номинациялары:
2200-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Назар Талғатов (Алматы)
2100-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Исабек Тәнікин (Алматы)
2000-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Алдияр Жарас (Алматы)
Әйелдер арасындағы үздік нәтиже – Сақыпжамал Бармағанбетова (Қызылорда)
Жергілікті үздік ойыншы – Қайыр Берістенов (Ақтөбе)
Open турнирінің жеңімпаздары (рейтингі 1900-ден төмен):
- Бейбарыс Бекбол (Ақтөбе)
- Иса Қонай (Астана)
- Айбек Тлекқабыл (Шымкент)
- Рамзан Байдәулетов (Қостанай)
- Алтайыр Әділбекұлы (Алматы)
Open турнирінің арнайы номинациялары:
1600-ден төмен рейтинг бойын үздік – Тайлан Хати (Астана)
Жергілікті үздік ойыншы – Олжас Жолжанов (Ақтөбе)
Жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллары. Masters турнирінде 78 000 АҚШ доллары ойналыды. Чемпион 18 000 доллар алды. Challengers турнирінде – 15 000 доллар, ал Open турнирінде – 7 000 доллар. Әйелдер мен жергілікті ойыншыларға қосымша жүлделер берілді.
«Владимир Дворковичті еске алу турнирі – Aktobe Open 2025» – классикалық шахмат бойынша Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі болды.
Келесі кезеңдер Өскеменде (Oskemen Open, 21-29 шілде), Қонаевта (Almaty Region Open, 4-12 тамыз) өтеді. Кубок финалы 9–19 қараша аралығында өтеді.
Бұл турнир Ақтөбенің шахмат орталығы ретіндегі орнын күшейтті. Қатысушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсетті, ал көрермендер қызықты партияларға куә болды.