Әкім тапсырмасы. Түркістан азық-түлік белдеуі қалыптасуда

Dalanews 13 авг. 2021 11:50 960

Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы жемісін беруде. «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында қаланың айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін қалыптастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба шеңберінде құны 35,5 млрд теңге құрайтын 6 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген.

Бос жатқан 400 гектар жерді суармалы алқапқа айналдырып, бақша дақылдарын қоса егу тәсілі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жүзеге асты.

Жеміс ағаштары өнім бергенше, сол жерге 150 гектар бақша дақылдары егілді. Бүгінде қауын-қарбыз ел аумағында және Ресейге экспортталуда. «Ақылды әдісті» қолданған «Dala fruit. kz» ЖШС-ң басшысы 150 жерге егілген қауын-қарбыздан 3 млн.кила өнім өндірмек.

«Түркістан» ӘКК» АҚ-ы мен «Dala fruit. kz» ЖШС-і бірлескен кәсіпорын - «Turkistan fruit» мекемесі құрылып, Түркістан қаласының әуежай маңынан бұған дейін пайдаланылмай бос жатқан жерлер бау-бақшаға айналды. Бұдан бөлек, аталған аумақта келер жылы сыйымдылығы 20 мың тонналық жеміс сақтау қоймасын салу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірдегі «дуальды оқыту» жүйесі енгізілген колледж студенттері егістік алқапта тәжірибе жинақтай алады.

Мұнда Түркия елінен өнімділігі гектарына 40-50 тн. болатын 220 мың дана 7 түрлі қара өрік көшеттері алынып, отырғызылды. Израилдік технологиямен сорғы станциясы орнатылып, жер асты тамшылатып суару жүйесі жүргізілген. 54 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Рекомендовать
Последние новости