Әкім кешкі аралауда тұрғын үй құрылысымен танысты

Dalanews 20 окт. 2019 10:23 740

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаланы кешкілік аралау барысында тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қала әкімі Алтай Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы). Осы тұрғын үй кешенінің кілттерін де алдағы уақытта 530 адам алатын болады.  


Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі – 2020 жыл.

Алтай Көлгінов атап өткендей, ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни, толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны 2400 құрайды. Келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады.

Рекомендовать
Последние новости