«Агро Фуд Қазақстан» Сарыағаштың брендіне айналуда

Dalanews 25 нояб. 2018 03:41 894

 Естеріңізде болса өңір басшысы өткен жылы Сарыағаш ауданындағы «Агро Фуд Қазақстан» ЖШС-нің интенсивті бауының алғашқы көшетін өз қолымен отырғызып, жаңа жобаны бастап берген болатын.


Мінекей, былтыр ғана жұмысын бастаған бақ бүгінде кеңейіп, 250 гектар аумақты қамтып отыр. Биылғы жылы интенсивті бауда 22 гектарға шие, 13 гектарға өрік, 70 гектарға шабдалы және 92 гектарға алма көшеттері егілген екен. Бұл өңірдегі ірі жобалардың бірі. Айта кетерлігі, биылғы жылы 70 гектар аумаққа шабдалы облыста алғаш рет егілді. Бұл да облыс басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асқан жарқын жобалардың бірі.


    «Баудан алдағы уақытта 60 тонна алма өнімін алу жоспарланып отыр екен. Облыстағы орташа көрсеткіш 15 тонна екенін ескерсек, мұндай өнім Түркістан өңірінде бұрын-соңды болмаған.  Осындай озық тәжірибелерді өзге аудандарда да пайдаланып, интенсивті баулар санын арттыруымыз қажет», - деген еді сол жолғы сапарында облыс басшысы.



Сарыағашта бұдан өзге де көзге көрінетін өзгерістер болып жатыр. Айталық, өткен жылы Дербісек, Жібек жолы, Жемісті, Қызылжар, Ақжар сынды бірқатар ауылдардың жолы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, аталған елді мекендерге қосымша жаяу жүргіншілер жолы салынды. Аудандағы 8 ауыл табиғи газбен қамтамасыз етіліп, 2700 үйге көгілдір отын барды. Сонымен қатар, алдағы уақытта 13 ауылға газ тартылып, 10 ауыл тәулік бойы таза ауыз сумен қамтылатын болады.


Рекомендовать
Последние новости