АЭС-ке қажетті отын шығарудан қорықпаймыз, АЭС салудан неге қорқамыз?

Dalanews 24 сент. 2022 02:56 936

Дәл қазір қазақтың қорқатын дүниесі көбейіп кетті. Үйде жатып орыс пен қытайдан қорқамыз. Соңғы жылдары оған АЭС қосылды.

Бүкіл әлем АЭС салып, игілігін көріп отырғандан АЭС салудан неге қорқамыз? Біз АЭС салсақ ертеңгі күні жарылып кетпейтін шығар? Қорқыныштың да шегі болуы керек қой.

Қазір Ресеймен кескілесіп соғысып жатқан Украинада төрт АЭС жұмыс істеп тұр. Путин Запорожскдегі АЭС-ті басып алды. Бірақ жаруға дәті жетпеді. Жетпейді де. Қоқан-лоқыдан арыға асқан емес.

Алақандай Белорусте екі АЭС бар екен. Жер көлемі біздің жерімізден әлдеқайда кіші Германияда 26 АЭС жұмыс істеп тұр.

Іргедегі көршіміз Өзбекстан АЭС салуға қызу кірсіп кетті. Ал біз болсақ, Семейдегі жарылысты еске алып, үрейден әлі арыла алмай отырмыз.

Экономиканы дамыту үшін АЭС қажет. АЭС-тің отынын өзіміз шығарамыз. Демек өзімізде кемінде үш АЭС болуы керек.


Бала кезімізді бір ағамыз сиыршының қызын үйге келін қылып түсіргенде, әлгі жеңешеміз қалың сиырдың арасында өссе де шайды сүт қатпай ішетінін көргенде ауыл болып таңқалған едік.

Ал біз әлемдегі АЭС-ке қажетті отын шығарудан қорықпаймыз, АЭС салудан неге қорықмыз? Мұны бөтен елге естісе күлетін шығар.

АЭС салып, қорқыныштан құтылайық! Орыстан қорықсақ, АЭС-ті француздар мен кәрістерге салғызайық. Оларға сенуге болады ғой.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Рекомендовать
Последние новости