Адам капиталына қашан қаржы құямыз?

Dalanews 09 июл. 2019 13:11 1034

"Еуразия әлемі" пікірсайыс клубында «Адам капиталы интеграция қызметінде» атты тақырып қызу талқыланды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша Еуразиялық одақтың қазіргі сипатынан арылып, жаңғыруы адами капиталмен байланысты.

«Одақ экономикасын дамытқымыз келсе, алдымен адам капиталын дамыту қажет. Адами капиталды дамыту үшін ең алдымен әлеуметтік саясатты әділетті негізге құру қажет», – дейді ол.


Ал Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика институтының директоры Әкімжан Арұповтың пікірінше адам капиталына көңіл аударған елдердің барлығы ғылыми табысқа жеткен. Демек, ғылымдағы нәтижелер адам капиталымен тығыз байланысты.

«Адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы дарыны, таланты, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық әрі кәсіби қабілетінің ашылуы» дейді ол.

Өз кезегінде саясаттанушы Рұстам Бұрнашев «нақұрыстар мен қабілетсіз адамдардан тұратын қоғам ешуақытта да үлкен табысқа ие бола алмайды.

Бір топ сауатсыз надандарға тамаша конституцияны берсеңіз де тамаша қоғам құра алмайсыз. Ал, керісінше, талантты, дарынды, білімді, дені сау, жігерлі азаматтардан тұратын қоғам сөзсіз өмір сүрудің жаңа, ілгері жолдарына бастап, табысқа жетеді», деген әйгілі Питирим Сорокиннің сөзін мысалға келтірді.  

Жиынды түйіндеген ғалым Вячеслав Додонов: «Адам капиталы туралы айтқанда белгілі бір елдің экономикалық құрылымына назар аударған жөн. Егер экономикада жоғарытехнологиялы саласы жетік дамыса, ендеше инженерлер мен бағдарламашыларды көптеп әзірлеу қажет. Ал егер белгілі бір елде сервистік қызмет дамыған болса, ендеше бұл елге даяшылар, сатушылар, қонақ қызметкерлерін көптен әзірлеу керек болады» деді ол.

Рекомендовать
Последние новости