Абай облысында жаңа тағайындау

Жарбол Кентұлы 10 апр. 2025 20:05 670

Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Абай облысы Мəдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жанжігіт Омархан бұған дейін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, мәдениет пен тіл саласында ел ішінде өткір ой, салмақты сараптамаларымен танылған кәсіби маман ретінде белгілі.

Жаңа қызметте де ол өзінің тәжірибесі мен шығармашылық қарымын өңір мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге және архив ісін жүйелеуге бағыттайтынына сенім мол.


Рекомендовать
Последние новости