Абай облысында бастау алған «Parasat» форумы ғылым-білім және бизнестің дамуына негіз болады

Dalanews 21 окт. 2023 11:40 1314

Абай облысы Семей қаласында кәсіпкерлер, танымал сарапшы мен өңір тұрғындарының басын қосқан республикалық «Parasat» форумы өз жұмыс бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның мақсаты – ең өзекті тақырыптарды талқылайтын, тәжірибе алмасып және елдің дамуына оң әсер ететін білім мен бизнестің бағыттарын анықтайтын орта қалыптастыру.

Форумда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Еркін білім беру аймағын» құру қажеттігін атап өтті.



– Абай облысында «Еркін білім беру аймағын» құру ойымызда бар. «Parasat» форумы – бұл жаңа мүмкіндіктер алаңы. Осы алаңда заманауи тақырыптар талқыланады. Ақыл-парасатын арттырған кәсіби мамандарымыз облысымыздың дамуына үлес қосатына сенімдімін. Біз өңірімізде ғылым-білім және бизнестің дамуына қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді аймақ басшысы.


Форум барысында белгілі кәсіпкерлер, ірі компания басшылары, журналистер өздерінің тәжірибесі туралы баяндап, Абай өңірін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды ұсынбақ.



Олардың қатарында бизнесмен, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы Арманжан Байтасов, «HR CAPITAL» негізін қалаушы Рифат Абдураманов, кәсіпкер, «TASGROUP» компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев, бизнес-тренер, «ADAMANT» ресурстық орталығының негізін қалаушы Шолпан Түсіпбекова, «FitnessBlitz» фитнес клубы желісінің негізін қалаушы Данияр Молдахмет, белгілі журналист, режиссер Майя Бекбаева бар.

Рекомендовать
Последние новости