Абай облысына арнайы барған Тоқаев халықтан кешірім сұрады

Dalanews 11 июн. 2023 10:37 809

Президент Тоқаев Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза тапқандардың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз", - деді Тоқаев.

Президент болған жағдай үшін жиналғандардың алдында кешірім сұрады.


“Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді Мемлекет басшысы.



Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.

"Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады", – деді Мемлекет басшысы.

Cурет Vlast.kz сайтынан


https://dalanews.kz/del-qazir/90364-qazcink-abay-oblysynda-qaza-tapqan

 

Рекомендовать
Последние новости