9,6 млн теңгенің дәретхана қағазы: Жетісу облысындағы даулы лоттың күші жойылды

Қаракөз Амантай 19 нояб. 2025 11:30

Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі мектептерге қымбат бағамен сатып алынбақ болған дәретхана қағазына қатысты түсініктеме берді. Dalanews.kz жариялаған материалдан кейін даулы лоттың күші жойылғаны белгілі болды.

Бұған дейін редакция мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген баға нарықтағы құнынан бірнеше есе жоғары екенін жазған еді. Аталған ақпараттан соң білім бөлімі ресми жауап беріп, сатып алу жоспарына өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, өтініш ауданға қарасты 39 мектептің әжетханаларын, соның ішінде 17 347 оқушыны 2025–2026 оқу жылының соңына дейін қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін берілген.

Мекеме техникалық сипаттамадағы көрсеткішті былай түсіндірді:

— Байқауда 3 200 орам дәретхана қағазы көрсетілген.

– 1 орамда 24 дана, әр данасы 125 теңгеден есептелген.

– Осылайша, бір орамның бағасы 3000 теңге болып шыққан.

– Ал жалпы сома 3 200 орамға 9,6 млн теңге деп жоспарланған.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу порталында бұған дейін “Veiro Professional Premium T308” маркалы дәретхана қағазының 3 200 орамын сатып алуға байқау жарияланып, онда бір орамның құны 3000 теңге деп көрсетілген еді. Нарықтағы орташа бағамен салыстырғанда бұл көрсеткіш бірнеше есе қымбат болған.


Рекомендовать
Последние новости