93 жастағы қария бар жинаған ақшасын сырқат балаларға бөліп берген

Көркем Алдабергенова 10 июл. 2025 16:10

Павлодарлық 93 жастағы зейнеткер қайырымдылыққа ақша беріп, муфтияттан қажылыққа жолдама алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар қаласындағы қарттар үйінде тұратын Сағадат Жұмабаев есімді қария соңғы 10 жыл бойы қажылыққа бару үшін зейнетақысынан ақша жинаған. Ол 3,6 миллион теңге көлемінде қаржы жинап, Меккеге аттануды армандаған.

Алайда 2022 жылы енгізілген жас шектеуіне байланысты (қажылық тек 65 жасқа дейінгі адамдарға рұқсат етілген) арманына жете алмаған. Осыдан кейін ол жинаған қаражатын қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарып, ақшаны ерекше бала тәрбиелеп отырған 30 анаға бөліп берді – әр отбасыға 120 мың теңгеден тиген.

Сағадат ақсақалдың бұл игі ісі әлеуметтік желіде кең тарады. Қарияның бұл әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оған қажылыққа тегін жолдама сыйлады. Енді Сағадат ақсақал көптен күткен арманына – қасиетті сапарға аттанатын болады.


Рекомендовать
Последние новости