«9 мамыр – Жеңіс күні ме, әлде аза тұту күні ме?». Тоғжанов өз ойын айтты

Dalanews 12 мая 2022 07:40 1194

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 мамырға қарай саяси қуғын-сүргін қүрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына қорытынды берілетінін мәлім етті.

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндеші республикалық комиссиясының бірнеше отырысы өткізілді. Қазірдің өзінде белгілі бір қорытындысы жасалып, оқулықтар басып шығарылды. Жуықта Мемлекет хатшысының төрғалық етуімен де отырыс өткенін білесіздер. 31 мамырға қарай міндетті түрде жұмыстардың қорытындысы шығарылады, – деді ол Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына берген жауабында. Сондай-ақ ол 9 мамыр мерекесінің атауы мен мазмұнын өзгерту туралы ұсыныстарға қатысты өз ұсынысын атады.

– 9 мамыр Жеңіс күні емес, аза тұту күні етіп атап өту туралы мәселе баяғыдан көтеріліп келе жатыр. Бұл мәселе бойынша әркімнің өз ойы бар. Шын мәнінде бұл бұл әрі Жеңіс күні, әрі еске алу күні. Менің ойымша, оларды бір-бірінен бөліп қараудың қажеті жоқ шығар. Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ десе де болатын шығар. Жеңіс күнін жерімізді қорғап қалған аталарымыз бен әкелерімізді еске алып жатсақ, мұның еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Менің жеке ұстанымым осындай, – деді Үкімет басшысының орынбасары.


Бір ай бұрын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, зерттеуші ғалымдар жүргізген ғылыми ізденістердің нәтижелері, мемлекеттік комиссияны заңдық және терминологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қаралған болатын.

Рекомендовать
Последние новости