672 млн теңгеге жалған тұрғын үй: Ақтөбеде бұрынғы депутаттар мен шенеунік сотталды

Dalanews 27 мар. 2026 14:23

Ақтөбе қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қылмыстық схема Мұғалжар ауданы прокуратурасымен 2024 жылғы сәуір айында әкімдік тарапынан әлеуметтік тұрғын үйді сатып алудың заңдылығына жүргізілген талдау барысында анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеп-тексеру барысында аудандық мәслихаттың төрағасы мен депутаты әкімдік қызметкерінің қатысуымен мемлекетке толыққанды көппәтерлі тұрғын үйдің орнына жатақхана сатқандығы анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 672 млн. теңге мөлшерінде залал келтірілген.

Мемлекеттік айыптаушы басты сот талқылауында айыптауды қолдап, сотқа қорғау тарапының уәждерін толық жоққа шығаратын дәлелдемелерді ұсынды.

Бүгін, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы әртүрлі бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Келтірілген залал сомасы сотталғандардан ортақ  тәртіппен өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove