600 мың тонна астық жиналды

Dalanews 07 нояб. 2017 10:59 965

Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың  гектар жерге егілген  дәнді-дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған.

Мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегінің арқасында биыл қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық құйылды. Оның ішінде 345 мың тоннасы бидай болса, арпа 52 мың тонна. Одан өзге биыл дәндік жүгеріден гектарына 47,6 центнерден өнім алынып,  178 мың тонна жүгері жиналды.

Сырдария өзенінің сағасында орналасқан Мақтарал мен Шардара аудандарының дихандары 2,2 мың га жерге күріш егіп, одан гектарына 64,5 центнерден өнім алып, 14 мың тоннаға жуық күріш жинады. Осылайша биыл облыс бойынша дәнді дақылдардың көлемі  589 мың тоннаны еңсерді.

Жалпы күнгейлік шаруалар ауа райының аса қолайлы болмағанына қарамастан, биыл олар  гектарына орташа есппен 18,4 центнерден өнім жинады. Тіпті Мақтарал мен Шардара, Түркістанда гектарына 30 центнерден өнім алып,  үздік нәтижеге қол жеткізді.

Егін шаруашылығын дамытуда шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау күшейтілген. Жалпы жыл басынан бері тұқым шаруашылығын қолдау үшін 500 млн. минералды тыңайтқыштарға 3 млрд. ал гербицитер мен биогенттерге  276 млн. теңге көлемінде субсидия  үлестірілген. Мемлекеттің мұндай қолдауына 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ие болды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/31239

Рекомендовать
Последние новости