4 адам қаза тапты. Жаңаөзендегі жарылыс кезінде үйінді астында қалғандардың бәрі шығарылды

Dalanews 17 апр. 2023 06:58 918

Жаңаөзендегі жарылыстан үйінді астында қалған барлық зардап шеккендер сыртқа шығарылғанын Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуір күні таңғы сағат 04:05-те Жаңаөзен қаласында 12-пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы төгіліп, 150 шаршы метр аумаққа зиян келді.

Қайтыс болғадар саны – 4 адам.

Сағат 10:45 жағдай бойынша 13 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 8 бала, 6 адам ауруханаға жатқызылса, 7 адам үйге жіберілді.

Жарылыс кезінде 3 пәтерге зиян келген. Апаттан кейін үй газ желісінен бірден ажыратылады. Қазіргі уақытта үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Апаттың себебі мен мән-жайы толық анықталады.


Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен ауруханасына жатқызылған апаттан зардап шеккен тұрғындардың жайын білді.



Бұл жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізіледі.

– Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, жаңа тұрғын үй беріледі. Апаттық жұмыстарға көмек көрсеткен еріктілер мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды, – деді Нұрлан Ноғаев.

Үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда

Рекомендовать
Последние новости