3 жасар қыздың денесін тістеп, мұрнын жұлып алған өгей әкеге үкім шықты

Dalanews 07 апр. 2018 04:59 813

Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкімі бойынша 3 жасар қыздың өгей әкесі жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеп беруі тиіс.

«Сотталушы  ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі, 3 және 11 тармақтары бойынша (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) кінəлі деп танылды.
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс», – деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

Қылмыскер жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.

Рекомендовать
Последние новости