2024 жылы БЖЗҚ активтерін басқарушы Ұлттық банк пен өзге компаниялар қанша табыс тапты

Кәмшат Тілеухан 26 дек. 2024 09:51 327

2024 жылдың 11 айында Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқарудан 2,8 трлн теңге инвестициялық табыс тапты, деп жазады Dalanews.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз қызметінің хабарлауыншаҰлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің 22,1 трлн теңгесін басқарады. Ол бұл қаражатты бағалы қағаздар, депозиттер және басқа да қаржы құралдарына салады. Одан түсетін кірістілік 11 айда 14,85%, ал алынған инвестициялық табыс 2,8 трлн теңгені құрады. Тарқата отырсақ:

  • МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша – 21 838,31 млрд теңге, жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс –  2,82 трлн теңге.
  • ЖМЗЖ бойынша – 218,29 млрд теңге, жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс – 14,46 млрд тенге.

Ұлттық банктен бөлек 63,33 млрд теңге зейнетақы активтерін ірі басқарушылар мыналар болып табылады:

  • Jusan Invest -  10,36 млрд теңгеге жуық. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 1 327,12 млн теңге.
  • Halyk Global Markets - 4,67 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 602,50 млн теңге.
  • BCC Invest – 5,37 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 660,06 млн теңге.
  • Сентрас Секьюритиз - 1,77 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 199,51 млн теңге.
  • Halyk Finance – 41,16 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 5 118,28 млн теңге.

Айта кетсек, қараша айындағы жылдық инфляция 8,4% пайызды құрады.


Рекомендовать
Последние новости