2024 жылдың маусымында қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 16 мая 2024 17:02 1751

2024 жылдың маусым айында қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ораза айт мерекесінен кейін 70 күн өткен соң, Зуль-хиджа айының 10-шы күні Исламда пайғамбар ретінде құрметке ие болған Ибраһимнің құрбандығын еске алу мақсатында тойланады.

Биыл Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Бұл -  демалыс күні.

Осылайша, маусым айында қазақстандықтар қосымша демалыс алады.

Жалпы бес күндік жұмыс аптасында бұл айда 11 демалыс күні бар.


Рекомендовать
Последние новости