Бишімбаев не үшін өмір бойына сотталмады? Прокурор түсіндірді

Көркем Алдабергенова 13 мая 2024 17:51 5575

Прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа неге 24 жыл берілгенін және экс-министр не үшін өмір бойына сотталмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соны сұрадық. Бишімбаев жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Себебі ол бұрын да сотталған. Ал Байжановқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", - дейді прокурор.  

Сонымен қатар, прокурор Бишімбаев неліктен өмір бойына сотталмағанын түсіндірді. 

"Республика бойынша кейінгі бес жылда мұндай істерде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған", - дейді прокурор Саяхат Нұрбеков. 

Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды. 


Рекомендовать
Последние новости