Жасыл энергия көздері: Еуроодақ Қазақстаннан қуат алғысы келеді

Dalanews 10 мая 2024 13:50 5019

Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның Энергетика министрліктері жасыл энергия көздері мен оны келешегінен мол үміт күттіретін нарықтарға тасымалдау туралы келісім жасасты. Еуроодақ бізден таза электр энергиясын алуға ынталы екен.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев елдегі жасыл энергетика өндірісін дамытуға қатысты жоспарларды айтып берді. Министрдің сөзіне сүйенсек, Әзербайжан қазір Қара теңіз табанына электр кабелін тарту жобасын жан-жақты зерттеп жатқан көрінеді. Еуроодақ та алдын ала зерттеп, біраз жұмыс атқарған. Соның нәтижесінде ол тарап таза электр энергиясын бізден алуға қызығушылық білдіріп отыр деседі.

«Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан елдері Каспий табанына жоғары кернеулі электр кабелін тарту туралы келісімге қол қойды. Бұл бізге таза жаңартылатын энергияны әлеуетті нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда үлкен көлемдегі инвестициялар туралы әңгіме болып отыр. Біз ол үшін Каспий маңындағы өңір мен Аралдың әлеуетін пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз», — дейді Сатқалиев.


Рекомендовать
Последние новости