Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апаты: Бірнеше адам қаза тапты

Қаракөз Амантай 03 мая 2024 17:25 1967

3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән-жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталады.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.


Рекомендовать
Последние новости