2019 жылы Түркістандағы Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады

Dalanews 21 дек. 2018 05:04 978

«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты XI-XII ғасырларға тән «Жұма мешіті» -  бүгінге дейін жеткен 40 мешіттің бірі.

Мешіт ғимараты бойынша михрабпен толық қалпына келтіру жұмыстарын орындау жоспарланса, бастырмаға жапсарлас салынған дуалдарды демонтаждау, құдықты қалпына келтіру және аумақты абаттандыру жұмыстары жасалмақ.

«Қылует» жерасты мешітін - қалпына келтіру жұмыстары аясында жер асты құрылысының көтергіш құрылымдары мен іргетасын нығайту, ішкі үй-жайды қалпына келтіру және іргелес аумақты абаттандыру жоспарлануда.

"Жеті Ата" қақпасынан кесенеге дейінгі аумақтың панорамалық түрін қалпына келтіру мақсатында Орталық магистральды көшелердің бірі қайта жаңғыртылса, «Дарбаза», «Мүсәллә» және «Жеті ата» қақпалары да тарихи қалыпқа енбек.

Ортағасырлық қысқы Хан ордасының тарихи орны мен сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көрінісі, бояуы төл түріне ене отырып, тарихи және мәдени әлеуетін, Түркістан қалашығының Қазақ хандығының ірі саяси орталығы ретіндегі маңыздылығын дәлелдейді. Сондай-ақ, археологиялық жұмыстардың нәтижесінде  ортағасырлық көшенің кіре беріс іздері мен Хан Ордасы қоршауының іргетасы табылды. Негізгі фрагменттер қалпына келтіріліп, басқа құрылыстарды іздестіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Ал, Күлтөбе қалашығы Ашық аспан астындағы музейге айналдырылады.

Қорық-музейген қарасты өзге де нысандардың құрылыс жұмыстары жаңа жылдан бастау алмақ.

Рекомендовать
Последние новости