20 000 бетперде тегін таратылды

Dalanews 29 мар. 2020 07:30 805

Кентау қаласында 20 000 жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Еріктілер қаланың әрбір көшесін аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді.

Көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сақтық шараларын үнемі сақтауды айтып, түрлі кеңестермен бөлісті.

– Еріктілер бетперделерді өздері қолдан тікті. Қазір қала көшелерінде біршамасын таратты. Сондай-ақ, қалаға кіре-беріс қақпада орналасқан блок-посттағы келушілерге берді.

Енді әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне алып барып береміз. Бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарлар мен аллеяларға, көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Рекомендовать
Последние новости