2 мыңнан астам сотталған қайтадан колонияға жіберілді

Көркем Алдабергенова 17 сент. 2025 13:12

2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда пробациялық бақылауда болған 2 354 сотталған қайтадан колонияға қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл шешімді пробация қызметтерінің ұсынысы бойынша соттар қабылдағанын Бас прокуратура хабарлады.

Негізгі себептер:

Қайта колонияға жіберудің негізіне екі рет тәртіп бұзу немесе бір рет қасақана заң бұзу жатады. Мұндай әрекеттерге ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және басқа да тәртіпке қайшы істер кіреді.

Мысалы Қарасай ауданында 3 жыл 2 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген әйел бір айдың ішінде алты рет қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот оны жазасының қалған бөлігін колонияда өтеуге жіберген.

Ережелердің сақталуын қадағалау «Цифрлық бақылау» жобасы арқылы күшейтілуде. Қоғамдық орындарға орнатылған «смарт-камералар» тек жаз айларында 92 есептегі азаматтың 209 тәртіп бұзушылығын анықтаған. Ең жиі кездескендері – түнде үйден шығу, тыйым салынған орындарға бару және ауданнан тысқары жерге шығу.


Рекомендовать
Последние новости